Бүгін «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» ғашықтар күні
15 сәуір - Ғашықтар күні. Жылына бір рет келетін Ғашықтар мейрамында сүйген адамын қуанту үшін он ойланып, мың толғанып жүргендер жандар жетерлік. Ғашық жүректерге шуақ сыйлайтын мерейлі мерекеге арқау болған Қозы Көрпеш - Баян Сұлудың тағдырынан сыр шерте отырайық. Бұл екі ғашық шамамен 12-13 ғасырларда ғұмыр кешкен. Сарыбай мен Қарабайдың төл перзенттері. Аң аулап жүріп құдаласқан бұл екеуі ұл-қыздарының кейінірек махаббат жолында түрлі қиыншылықтарға ұрынатына куә болады.
Дүниеқоңыздық пен көре алмаушылық, кек пен ашуға тап болған қос жүрек иесі өле-өлгенше бір-біріне деген нәзік сезімдерін сақтай білген. Олардың махаббаттары осымен құнды. Жырдағы Көрпештің Баянға арнап айтқан мына сөздерін оқыған кім-кімнің де жүрегі тебіренері хақ:
Дүниеде ғашық қатты екен, Көңілді бұған бұрғызды. Бере ме тәңірім, бермей ме Ынтық болған бір қызды? Қосылғанша мен оған Ішіме қайғы толғызды... Әлкей Марғұлан "Мәңгілік жыр" деп атаған бұл жыр қазақ халқының төбеге көтерер мақтанышы, қос жүректің ұраны іспетті. Қос ғашықтың махаббаттарын ұғынып, осы екі жүрек иелерінің атына күн белгілеп, махаббатты дәріптеуді ұсынып, бастама көтерген Дархан Мыңбай атты Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген ел ағасы. Мереке халық арасында 1999 жылдан бері тойланып келеді. Махаббат - дүйім дүниенің ең асыл, жалпақ жалғанның ең кіршіксіз сезімі болса, ұлы сезімнің шырқау шыңына көтерілген сезімге адал, сертке берік Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу шынайы махаббаттың символы іспетті.
Просмотров: 461
Комментарии